Қазақстанда 28 градус аяз болады

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 17-19 наурызына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде термометр бағандары 20...28 аязға дейін жетеді. Елдің оңтүстік жартысына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының күндіз 0...10 жылуға дейін, түнде 0...10 аязға дейін төмендеуі күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады.