Құбылмалы ауа райы әлі үш күн бойы сақталады – «Қазгидромед»

«Қазгидромед» мамандары құбылмалы ауа райы алдағы үш күнге созылатынын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Қазір Арқада ақтүтек боран соғып тұр. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды. Мамандар азаматтарды алыс жолға шықпауға шақырады. Әрі ауа райы болжамын жіті қадағалап отыруды ескертеді. Егер көлік иесі қар құрсауында қалып қойса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне хабарласу қажет.

Сондай-ақ...