«Қазмедиадағы апат»: телеарналар хабар таратудың резервтік форматына көшірілді

«Қазмедиа» орталығындағы апат салдары ретке келтірілуде.

Аккумуляторлық батареялардағы өрт сөндірілді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров хабарлады.

Телерадио арналар хабар таратудың резервтік форматқа көшірілді.