Елімізде ауа температурасы 20 градусқа дейін жоғарылайды

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2022 жылдың 31 наурызы – 2 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Еліміздің солтүстік аймақтарында, нағыз қысқы ауа райын алып келген циклонның артынан, Батыс антициклоны жылжи бастайды. Онымен республиканың шеткі батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, жауын-шашын тоқтайтын болады. Сондай-ақ келетін антициклон еліміздің барлық аумағында ауа температурасының көтерілуіне әкеледі, бұл қазақстандықтарға нағыз көктемді сезінуге мүмкіндік береді.

Күндіз батыста термометрлер +10 +20 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста +5 +13 градусқа дейін, ал оңтүстікте +15 +23 градусқа дейін жетеді.