Демалыс күндері ауа райы жылынады

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 2-4 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы демалыс күндері, батыстан Атлантикалық циклон ауыса бастайды, бұл негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның өтуіне және елдің батысы мен солтүстігінде желдің күшеюіне әкеледі. Ал республиканың қалған бөлігінде, көтеріңкі қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Иранның аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжанады: батыста +15+23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында +8+18 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде +17+25 градусқа дейін жететін болады.