Елімізде ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 12-14 сәуіріне арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі – жаңбыр жауады, оңтүстік бөлікте найзағаймен, екпінді желмен бірге қатты жаңбыр болады деп болжанады. Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болмақ.

Елде тұман, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болады. Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасының ауытқуы 10-18-ден 18-26-ға дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде – 10-17-ден 15-26-ға дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометрлер 22-32-ге дейін көтеріледі.