Тұман, дауыл, найзағай: бірқатар облыста ескерту жарияланды

Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күшейеді.

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Жалаңашкөл ауданында екпіні 25 м/с артады.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, өңірдің орталығында күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақмола облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман болжанады.

Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болады. Таңертең және күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Шымкент қаласында күннің соңында найзағай, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді

Сондай-ақ...