Қай өңірлерде құрғақшылық болады – Қазгидромет болжамы

Қазақстанның елеулі аумағындағы ылғалдану жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес мамыр айында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет.

Келесі жерлерде орташа құрғақшылық күтіледі:

Ақтөбе облысы Әйтеке би және Хромтау аудандарында,

Қостанай облысы Жангелді ауданында,

Қызылорда облысы Қазалы ауданында,

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында.

Ылғалданудың, орташа ылғалды жағдайлары, негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстігінде қалыптасады.