Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде күн райы құбылмалы болады

30 сәуірде республиканың басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бірнеше аймақта найзағай ойнап, дауыл тұрып, жаңбыр жауады. Елдің шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Барлық өңірде екпінді жел тұрады. Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында және өңірдің оңтүстігінде желдің екпіні 24-29 м/с күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында, өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, күндіз дауыл тұрады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады. Күндіз Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында желдің күші 23 м/с артады. Атырау облысының шығысында оңтүстігінде, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел тұрады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.