Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды

Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болды.

Отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталды.

Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрады, ал атыс саны 3 мың.

Айта кетейік, сондай-ақ қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар 9 мамыр күні Студенттер саябағында ардагерлер мен қала тұрғындарына арналған концерт өтті. Мерекелік концерт сағат 14:00-ге дейін болды.

Сондай-ақ бүгін Қазақстандық ҰОС ардагерлерін еске алуға және Жеңіс күніне арналған «Жеңімпаздар. Батырларға тағзым» онлайн-акция өтті.