10-12 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК 10-12 мамыр күндергі ауа райы болжамын мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптикердің болжауынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде кей кезде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 25 м/с дейін жетеді.