Еліміздің екі өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін – Қазгидромет

«Қазгидрометтің» болжауынша, мамыр айында Қызылорда және Маңғыстау облыстарында қатты құрғақшылық болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылорданың Қармақшы ауданы мен Батыс өңіріндегі Маңғыстау аймағында аптап ыстық болады деген болжам бар. «Қазгидромет» тағы 4 облыста қуаңшылық жайлайтынын хабарлады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарындағы қолайсыз күн райы кейбір ауылдар мен қалалардағы шаруаларға зардабын тигізуі ықтимал.