Қазгидромет: 11 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде күн райы бұзылады

Синоптиктердің болжауынша, ертең бірнеше өңірде дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Нұр-Сұлтанда кей уақыттарда найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, 25-28 м/с. Оңтүстігінде және таулы аудандарында бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болжанады. Талдықорған қаласында найзағай түсуі ықтимал. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел екпін - 15-20, 25 м/с. Көкшетау қаласында 11 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні - 15 м/с. Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және Орал қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде желдің екпіні - 15-20 м/с болмақ. Қостанай облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні - 15-20, 23 м/с. Қостанай қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші - күндіз 15-20 м/с дейін. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Ақтау қаласында күндіз найзағай түсуі мүмкін. Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнауы ықтимал. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 18 м/с. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.