Елордада екі көшедегі жол учаскесі уақытша жабылды

Елордада Еңбекшілер көшесі мен Алаш тас жолы бойындағы жол учаскесі уақытша жабылды.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Еңбекшілер көшесі мен Алаш тас жолында инженерлік желілер мен жол төсемін салу жұмысын бастады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 13 мамырынан 1 шілдесіне дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Еңбекшілер көшесінің Бұқар жырау көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

Сол сияқты 13-31 мамыр аралығында Алаш тас жолының Жолымбет көшесінен 191 көшеге дейінгі аралығында қозғалыс жартылай жабылды.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген бейінді басқарманың хабарламасында.