Еліміздің 13 өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін – Қазгидромет

Еліміздің 13 өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК 15 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта найзағай болуы мүмкін. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз өңірдің шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аймағында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Өңірдің батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз аймақтың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с артады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады деп болжайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз өңірдің шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, батыста, солтүстік пен оңтүстікте екпіні 23 м/с артады. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысыңда екпіні 15-20 артады. Күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай жарқылы. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, күші 25 м/с жетеді.