Референдум: дауыс беру учаскесін қалай оңай табуға болады

2022 жылдың 5 маусымында Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Осы орайда дауыс беруге бармастан бұрын қай дауыс беру учаскесіне тіркелгеніңізді білген абзал, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтанда дауыс беру учаскесін іздеу сервисі жұмысын бастады. Дауыс беретін референдум учаскесін білу үшін Telegram каналға ЖСН-іңізді (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізесіз.

Әрі қарай дауыс беретін учаскеңіз, мекенжайыңыз, учаскенің орналасқан жерін көрсетеді.