Алматы және Жамбыл облыстарында өзен сулары тасуы мүмкін

Ал синоптиктер осы аптада ауа райы сан құбылады деп болжап отыр.

Жамбыл және Алматы облыстарының тау бөктеріндегі аудандарда, сондай-ақ Алматының іргелес аумақтарындағы өзен сулары арнасынан тасуы мүмкін. Себебі еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын көп түседі.  Мысалы, елордада, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қатты найзағай ойнап, жел тұрады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Ал Маңғыстау және Қызылорда өңірлерінде шаңды дауылдар болады.