Visit Nur-Sultan: елордада мәдени-ойын-сауық қызметтерінің платформасы іске қосылды

Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін visitnursultan.kz порталында барлық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде спорттық іс-шараларды, спектакльдерді, концерттерді, киноафишаларды, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру пунктерін және туристік маршруттарды біріктіруге арналған цифрлық сервис жұмыс істейді, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Visitnursultan.kz порталы елорда тұрғындары мен қонақтарына бос уақытын тиімді өткізуге арналған орынды тез әрі оңай табуға, сол сияқты қажет билетті онлайн сатып алуға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тиісті ұйымдарды visitnursultan.kz платформасында өз қызметін біріктіру үшін ынтымақтастық орнатуға шақырады. Платформаға қатысушы компаниялар көбірек клиент тарта алады және олардың танымалдығын арттырып, қызметтерін жақсартады.

Visitnursultan.kz платформасында іс-шараларды орналастыру жөніндегі талаптармен танысу үшін 8 702 555 59 92 нөміріне хабарласуды сұраймыз.