Демалыс күндері ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді

Республиканың бүкіл аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста, сондай-ақ оңтүстік өңірлердің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Батыста, солтүстік-батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Батыста күндізгі температураның 8-18-ден 15-28 градусқа дейін аздап көтерілуі, ал қалған аумақтарда температураның төмендеуі, күндіз солтүстікте, орталықта 25-30-дан 15-20-ға дейін, елдің оңтүстігінде және шығысында 28-33-тен 17-25 градусқа дейін болады деп күтілуде.