460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • 248
  • UPD: 12:26, 25.05.2022
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы idelreal.org

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2022 жылдың 26-28 мамырына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Екатеринбург аймағынан шыққан циклон республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райын сақтайды. Яғни жаңбыр жауады: 26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта, сонымен қатар бұл аймақта найзағай мен желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін. Содан кейін солтүстік-батыс антициклонның басып кіруіне байланысты батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы