Нұр-Сұлтанда солтүстік айналма жол учаскесі уақытша жабылды

Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік-батыс айналма жолының учаскесінде жөндеу жұмыстарына байланысты автокөліктердің қозғалысы уақытша жабылды.

Полиция департаменті транзиттік көлік пен жүк көлігінің жүргізушілеріне үлкен айналма жол учаскесі арқылы рұқсат етілген бағыттарды көрсететін ақпараттық тақталарды басшылыққа алуды ұсынады.

Сондай-ақ, «Өндіріс» тұрғын үй массивінің жолдарында апаттық жағдайларды және кептелістердің пайда болуын болдырмау мақсатында «Сергек» АӨК орнату арқылы жүк көлігінің қозғалысы шектелді.

Тәртіп сақшылары екі жолақты жолдар жүк көлігі тасымалының қарқынды жүруіне арналмағанын еске салады.

Бұдан басқа, халқы 32 мыңнан асатын «Өндіріс» тұрғын алабы өнеркәсіптік аймақ болып табылмайды. Транзиттік көлік санының көптігіне байланысты тұрғындардан массив аумағындағы жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша қала және аудан әкімдігіне тұрақты түрде шағымдар келіп түсуде.