Қордай және Өзбекәлі Жәнібек көшесіндегі учаске жартылай жабылды

Қордай және Өзбекәлі Жәнібек көшесіндегі учаске жартылай жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Қордай және Өзбекәлі Жәнібек көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 30 мамырынан 10 шілдесіне дейін Қордай көшесінің бойындағы Бауыржан Момышұлы даңғылынан Мұстафа Шоқай көшесіне дейінгі аралығы және 31 мамырданн 16 маусымға дейін Рақымжан Қошқарбаев даңғылынан Шалкөде көшесіне дейінгі аралықтағы Өзбекәлі Жәнібек көшесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген көлік басқармасының хабарламасында.