Елордадағы Қосшығұлұлы көшесі 10 маусымға дейін жартылай жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Шаймерден Қосшығұлұлы көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ағымдағы жылдың 1-10 маусым аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Кенжебек Күмісбеков көшесінен Шабал Бейсекова көшесіне дейін Шаймерден Қосшығұлұлы көшесінің учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылды.

- Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.