Жолды жөндеуге байланысты көлік құралдарының қозғалысы шектелді

Ағымдағы жылдың 3 маусым сағат 22.00-ден бастап 6 маусым сағат 06.00-ге дейінгі кезеңде жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты Омаров көшесінің қиылысындағы Сығанақ көшесінің учаскесінде көлік құралдарының қозғалысы жартылай жабылатын болады.

Сығанақ көшесінің бойымен Омаров көшесі жағынан қозғалыс кезінде тиісті жол белгілері мен көрінетін қоршаулар орнатылып, көлік ағыны қарсы бағыттағы жол жағына бөлінеді. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қауіпсіздік және көлік кептелісін болдырмау мақсатында жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, осы учаскеде барынша мұқият болуды және қозғалыс маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі