Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды – Қазгидромет

Синоптиктер ертең кей өңірлерде дауыл тұрып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстік-шығысында, шығысында күші 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 14 маусымда тәулік бойы найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің солтүстігінде және шығысында екпіні 25 м/с артады.

Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз өңірдің орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 14 маусымда таулы аудандарда, 15 маусымда облыстың солтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Күндіз 15 маусымда желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Сондай-ақ...