Елордадағы Қосшығұлұлы көшесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Нұр-Сұлтан қаласында жөндеу жұмыстарына байланысты Шаймерден Қосшығұлұлы көшесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Шаймерден Қосшығұлұлы көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 13-20 маусым аралығында Кенжебеков Күмісбекова көшесінен Шабал Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген хабарламада.