«Түркия стипендиясы» бағдарламасының екінші іріктеу кезеңі басталды

Қазақстанда түрік жоғарғы оқу орындарында грант негізінде білім алуға арналған «Түркия стипендиясы» бағдарламасының екінші іріктеу кезеңі басталды.

Қазақстандық түлектер арасында да бұл бағдарламаға қызығушылығы жоғары. Ауызша сынақтар Нұр-Сұлтандағы Юнус Эмре, Алматыдағы Еуразия зерттеу институтында өтіп жатыр.

Айта кетерлігі, биыл «Түркия стипендиясы» бағдарламасына 7600 түлектің өтініш білдіргені белгілі болды. Он күн бойы жалғасатын емтихандарда бакалавриат, магистратура мен докторантураға түсетіндер іріктеледі. Грант иелерінің Түркияда оқу, жатақхана, медициналық сақтандыру және миграциялық құжаттары рәсімделіп, шәкіртақы тағайындалады.