Қазақстанның 11өңірінде және Нұр-Сұлтанда дауылды ескерту жарияланды

Жезқазған қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Ақмола мен Ақтөбе облыстарында найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс Қазақстанда бұршақ жауып, дауыл болады деп болжанып отыр. Қызылорда мен Қостанай облыстарында да осы күн-райы қайталануы мүмкін. Екпіні 15-20 м/с болатын қатты жел тұрады.