Демалыс күндері ауа температурасы 45 градусқа дейін жоғарылайды

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 25-27 маусымына арналған ауа райы болжамы.

Солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлттылық алқаптары, өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақты ала келеді. Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді. Осылайша бұлт саны азайып, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Ауа температурасының негізгі аясы күндіз келесідей күтіледі: батыста +25, +35С, солтүстікте +25, +33С, орталықта +30, +37С, шығыста +27, +37С, оңтүстікте өте қатты ыстық – +40+45С.