Еліміздің оңтүстігіне аптап ыстық келе жатыр

Алдағы 3 күнде ауа температурасы +40+45 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлады. Ал Шығыс пен Орталықта сынап бағаны +35+37 градусқа жетуі ықтимал. Батыс пен Солтүстікте күн райы қалыпты, +25+35 градус.

Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

- Солтүстік-батыс циклоны әсерінен ыстықпен қатар найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Тіпті кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ түсуі де ықтимал. Мәселен, Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Ал еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлерінде скандинавиялық антициклон әсерінен күн ашық болады.

Сондай-ақ...