Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысатын Солтүстік-Батыс циклоны аталмыш аудандарға найзағай мен жаңбыр, 29 маусымда солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр, сондай-ақ бұршақ, желдің күшеюін және ауа температурасының шамалы төмендеуіне әкеледі», – делінген мәлімдемеде.

Тек еліміздің батыс облыстары скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді – мұнда жаңбырдың тоқтауы күтіледі.