Өскеменде нөсерлі дауыл соғып өтті

Салдарынан Қазақстан, Сатпаев, Стахановская сынды бірнеше көшеде ағаш құлап, көліктерді басып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желіде аялдама төңкеріліп, бір адамды басып қалғаны жайлы ақпарат тарады. Зардап шегушіге сол жердегі куәгерлер көмектескен көрінеді. Ақ дауыл трамвайдың электр желісін зақымдады. Сондықтан қоғамдық көлік уақытша тоқтады. Трамвай паркі жөндеу жұмыстарына кірісті. Шаһардағы құлаған ағаштарды 6 бригада тазалап жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да жұмылдырылды.