Елорданың тағы бір көшесінде BusLane пайда болды

2022 жылдың 2 шілдесінен бастап Жеңіс даңғылы бойымен Есенберлин көшесі - Бөгенбай даңғылы аралығында қоғамдық көлікке арналған жолақтары бар 7 жолақты қозғалыс енгізіледі (BusLane), деп хабарлайды «City Transportation Systems» ЖШС. 

Бүгінгі күні аталған даңғыл бойынша 15 қалалық бағдар жүреді, ал бұл жалпы саны 175 болатын автобустар.

Осылайша аталған учаскеде қоғамдық көлік, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру техникасының қозғалысы үшін артықшылық жасалатын болады.

Сондай-ақ бөлінген жолақ бойынша қоғамдық көлік қозғалысы аялдамалардағы қарбалас сағаттарда жолаушылардың күту уақытын 18%-ке дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Даңғылда қозғалыс жолақтарының ені ұлғайтылады және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінде көліктің бұрылуы үшін алаңдар жабдықталады, бұл жол қиылыстарындағы жүктемені азайтады.

Қазіргі таңда Жеңіс даңғылы мен Есенберлин көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол белгілерін белгілеу жұмыстары жүргізілуде.

Барлық өзгерістерді ескере отырып, жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жолда қырағы болуды және бағдарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.