Еліміз «сары аймаққа» қайта өткен жағдайда қандай өзгеріс болады?

Еліміз тағы да «сары аймаққа» өтетін болса, ковид жұқтырған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандар, екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдер қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады және жабық жерлер мен қоғамдық көлікте маска тағу міндеттеледі.

Сондай-ақ 10-нан аса адам қатысатын жиналыстар онлайн форматта өткізілуі мүмкін. Елімізде "сары аймаққа" өткен жағдайда енгізілетін жаңа шектеулердің тізімі бекітілді. Бұл туралы бүгін коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.