Сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 2 шілдеде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, оның күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік, орталық бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі болады.

Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл соғады.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15 м/с. Күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары қауіптілігінің төтенше деңгейі күтіледі.

Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

2-3 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Күндіз 3 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында 38 градусқа дейін қатты ыстық болжанады.

 

Сондай-ақ...