Бүгін еліміздің кей аймағында бұршақ жауып, тұман түсуі мүмкін – Қазгидромет

Қазгидромет 3 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды. Ал еліміздің өзге аймақтарында ауа райы құбылмалы болады. Батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстігі мен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі деп болжайды синоптиктер.

Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысы мен шығысында нөсер жауын болады. Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Ұлытау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық болуы мүмкін.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жетісу облысының батысында, Абай облысының батысы мен шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының шығысында төтенше өрт қауіпі бар.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с. Ауаның температурасы түнде 10-12, күндіз 25-27 градус жылы болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус жылы болады.

Шымкент қаласында да көшпелі бұлт. Жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы болады.