Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Қазақстанның тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республиканың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Қазгидромет Қызылорда облысында өрт қаупі барын ескертеді. Бүгін елордада да жаңбыр жауады, термометр бағаны плюс 25-ке дейін көтеріледі.