Үш ел азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады

8 шілдеден бастап Үндістан, Қытай және Иран азаматтары елімізде визасыз жүре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бекітілген талапқа сай шетелдіктер шекарадан кірген сәттен бастап 14 күн бойы Қазақстан аумағында еркін жүріп тұра алады. Бұл жайында көші-қон комитеті хабарлады.

Аталған елдер үшін біржақты визасыз режим енгізіліп отыр. Алайда визасыз Қазақстанда болу мерзімі 42 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Әйтпесе айыппұл салынады.