Еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның көптеген аймақтарында қатты ыстық пен жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

11 облыста дауылды ескерту жарияланды. Еліміздің солтүстік, батыс және шығыс аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Ал Қарағанды, Қостанай және Түркістан облыстарында термометр 42 градусқа дейін көтеріледі. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Сондай-ақ Қазгидромет мамандары оңтүстік пен Батыста өрт қаупі туралы ескертеді. Елордада жауын-шашынсыз, плюс 31 градус.