Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, жаңбыр жауады

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қызылорда облысының кейбір аудандарында найзағай ойнайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда көп бөлігінде өрт қаупі сақталады. Еліміздің солтүстігі мен батысында және Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады. Қазгидромет мамандары Ақтөбе облысында жел соғатынын ескертеді. Екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Елордада жауын-шашынсыз, термометр 29 градусқа дейін көтеріледі.