Қазгидромет: ертең төрт өңірде күн күркіреп, жаңбыр жауады

Еліміздің 4 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Ақмола облысының шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Павлодар облысында түнде облыстың батысыңда, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Нұр-Сұлтан қаласында да жауын жауып, күн күркірейді.