Жаңбыр, бұршақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Солтүстік антициклонның сілемі, республиканың батыс жартысына әсер етеді, алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ әрі шуақты ауа райы болады.

Елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне, оңтүстік циклон қуыстары мен атмосфералық фронттар әсер етеді, бұл өз кезегінде жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді. Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр болжанады. Күн күркірейді, бұршақ жаууы және қатты жел болуы мүмкін.

Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +27 +35°С, солтүстікте +18 +25°С, орталықта +17 +28°С, шығыста +18 +30°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33°С шегінде, таулы аудандарда 13 +20°С.