Астанада «Учаске» тексеру рейді жүргізіледі

Елордада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полиция және ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері рейд жүргізеді.

Құқық қорғау органдары қала тұрғындары мен қонақтарын жоспарлы тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарауға шақырады. Мәселен, бұрын сотталған азаматтар, маскүнемдер, нашақорлар, тұрмыстық жанжалға барушылар, пәтерін жалға заңсыз берушілер және қару-жарақ иелері ерекше бақылауға алынады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.