476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

  • 274
  • UPD: 11:39, 10.08.2022
Алдағы күндері ауа райы қандай болады Tengrinews

Солтүстік-батыс антициклон жотасы республиканың батыс, солтүстік-батыс жартысына әсер етеді, сондықтан алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі.

Елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік бөлігіне жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін оңтүстік циклон шұңқыры мен атмосфералық фронттар әсер етеді, елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел болжанады.

Ауа температурасының негізгі аясы күндіз: батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +23 +35°С, солтүстікте +20 +28°С, орталықта +23 +33°С, шығыста +18 +28°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +35°С шегінде, таулы аудандарда +13 +20°С.

Хабар 24 телеарнасы