BI Group Ironman: елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі

14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA деп аталатын ірі халықаралық жарыста триатлон әуесқойлары қайта бас қосатын болады. Осыған байланысты қалада бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс 2018 және 2019 жылдары Қазақстанда өткенін еске саламыз. Биылғы аталған қашықтықтан немесе «жармадан» басқа «толық Ironman» - BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN өтеді. Әрбір жарыс үзіліссіз өтетін үш кезеңнен тұрады: 3,86 км-ге жүзу, велосипедпен 180,25 км жүріп өту және 42,195 км-ге марафондық жүгіру. Ironman 70.3 сериясының жарыстары екі есе қысқартылған қашықтықта жарысты қарастырады: 1,9 км жүзу, велосипедтік бәйге 90 км 21,1 км жүгіру.

Стартқа әлемнің 77 елінен 2 200 триатлет қатысады. Бұл екі жылдық үзілістен кейінгі Қазақстандағы бірінші бәйге. Ұйымдастырушылар Ұлыбритания, Үндістан, Германия және Ресейден триатлеттердің үлкен тобын күтуде.

14 тамызда BI GROUP IRONMAN бәйгесін өткізу кезінде астанада келесі бағыттар бойынша автокөліктердің қозғалысына жартылай шектеу ұйымдастырылатын болады:
04:00-18:00 аралығында - Б.Момышұлы даңғ. бойынша Елім-ай көшесінен бастап Сарыайшық көшесіне дейін жолдың екі жолағын жартылай жабу
04:00-18:00 аралығында Байтұрсынов көшесі бойынша - Тәуелсіздік даңғылына дейін жолдың екі жолағын жартылай жабу
04:00-11:00 аралығында Тәуелсіздік даңғылынан бастап – Нәжімиденов көшесі бойымен Қалдаяқов көшесіне дейін жартылай жабу
04:00-11:00 аралығында - Нәжімиденов көшесінен бастап одан әрі Қалдаяқов көшесі бойымен Арыс көпірі арқылы көпірдің оң жағынан Мәңгілік Ел көшесіне түсіп Достық көшесіне дейін Ақорда алдындағы алаңға оң жақ бұрылыс. Бұдан әрі алаң айналасындағы шеңбермен және Арыс көпірінің астында ОКЗ бойымен Әлихан Бөкейханов көшесіне.
04:00-11:00 аралығында - Әлихан Бөкейханов көшесі бойымен Керей-Жәнібек көшесіне дейін.
04:00-11:00 аралығында Керей-Жәнібек көшесі бойымен 38-ші көшеге дейін жартылай жабу.
04:00-11:00 аралығында - 38-ші көше бойымен Ұлы Дала даңғылына дейін жартылай жабу
04:00-18:00 аралығында Ұлы Дала даңғылынан бастап Оңтүстік айналыс жолына дейін 04:00-18:00 аралығында айналыс жол бойынша М 36 тас жолынан түскенде Қорғалжын тас жолына бұрылысқа және Нұрпейіс Бағанин көшесімен қиылыста Велотұрақтың жанында бұрылысына дейін жартылау жабу.
04:00 - 18:00 аралығында Оңтүстік айналыс жолынан Ұлы Дала даңғылының оң жағында жаңа көпір арқылы Нәжімиденов көшесіне дейін
04:00 - 18:00 аралығында Нәжімиденов көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейін.
Бұдан әрі Триатлонға мәре Байтұрсынов көшесі бойынша саябақ .

Жолды жабудың толық картасы 2ГИС сервисінде көрінетін болады.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Қазақстандық триатлон федерациясының қолдауымен өтеді.