476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде ыстық болады

  • 387
  • UPD: 22:04, 13.08.2022
Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде ыстық болады

Қазгидрометтің болжауынша, еліміздің кей өңірлерінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

14 тамызда күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде 35-38 градус аптап күтіледі. Ақтөбе қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде 35 градус ыстық. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз таулы, тау етегіндегі аудандарда екпіні секундына 15-20 метр. Қонаев қаласында бұл күні күндіз 35 градус қатты ыстық болмақ.

Ертең Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 14 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, жел екпіні секундына 15-20 метр.

Күндіз 14 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Петропавл қаласында күндіз 14 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, Секундына 15-20 метр күшті жел болады.

14 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында бұл күні төтенше өрт қаупі сақталады.

14 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысыңың солтүстігінде, шығысында, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Павлодар қалсында 14 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы