Ертең еліміздің көп бөлігінде күн ала бұлтты болады

Ертең елордада күн ала бұлтты болады. Солтүстік-батыстан есетін желдің екпіні секундына 5-10 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +7+9 градусқа дейін түседі. Алматыда күн ашық. Сынап бағаны +30+32 градусты көрсетеді. Шымкентте ауа температурасы 40 градусқа дейін жетуі ықтимал. Желдің жылдамдығы да үдей түседі. Секундына 13 метр.

Сондай-ақ...