5G адам денсаулығы үшін қауіпті ме?

Технологияның дамуымен қатар оның зияны туралы әңгімелер көп айтылып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, 2017 жылы ғалымдар тобы петиция құрып, Еуроодақты байланыстың бұл түрін енгізуге қатысты мораторий жариялауға шақырды. Айтуларынша, сәуле шығару қатерлі ісік, генетикалық проблемалар мен жасуша деңгейіндегі күйзеліс тудыруы мүмкін. Нидерландта, Ұлыбританияда тіпті станцияларды өртеп тастаған жағдайлар да болған. Алайда дәлдігі жоғары соңғы зерттеулер көрсетіп отырғандай, технологияның адам денсаулығына кері әсері анықталмаған.

Шавкат Сабиров, Қазақстанның интернет қауымдастығының басшысы:

– 5 джи адам денсаулығы үшін қауіпті емес. 90 жылдардың басында алғашқы ұялы байланыс пайда болғанда, антенналардың кезінде, иә, мұның зияны болған. Ал қазір біз телефонды жастықтың астына жастап жатамыз. Немесе төсегіміздің жанына қойып қойып, тыныш қана ұйықтай береміз ғой.