Алматыда аңқау болмаңыз

Алматыда аңқау болмаңыз

Пәтерді жалға аларда алаяқтарға алданып қалмау үшін не істеу қажет?

Егер фотосуреттер сізге тартымды болып көрінсе, бірақ бағасы арзан болса, онда бұл ойланатын мәселе. Пәтерді өз көзіңізбен көрмей ешкімге ақша жібермеңіз. «Риэлтор міндетті түрде меншік иесі мен болашақ жалға алушы арасында келісім-шарт жасау қызметін ұсынуы керек», - дейді Қазақстан риэлторлары қауымдастығының өкілдері.

Сондай-ақ кәсіби риэлторлар жылжымайтын мүлікті көрсетеді, бірақ жалға берушілердің телефон нөмірлерін сатпайды. Сарапшылар қыркүйекке таман студенттер келетіндіктен жалға алу бағасының қымбаттайтынын айтты. Бұған қоса биыл Ресейден келушілерде бар. Қазір Алматыда бір айға берілетін бір бөлмелі пәтердің бағасы орта есеппен 140 мың теңге төңірегінде. Ең бастысы пәтер иесі екенін дәлелдейтін «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы» анықтаманы сұраңыз. Алаяқтар «Бүгін алмасаң кешігіп қаласың» деп психологиялық тәсілді де қолдануы мүмкін. 

Орынбасар Сатаев, Қазақстан риэлторлары қауымдастығының өкілі:

- Мен қазір алдын ала ақша аламын, бүгін алсаң аласың, алмасаң алмайсың. Пәтер иесі екенімді дәлелдемеймін. Ауыртпашылық куәлігі бар ғой. «Обременение справка» мен бұны саған Еговтан алып бере алмаймын. Ол алып беру 1-2 минут тұрады қазіргі уақытта. Оның бәрін жасамайтын болса ондай мәміледен 100 пайыз бас тарту керек. Ешқашан ондай адамдарға жақындамау керек.