Жаздың соңғы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 30 тамыз – 1 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. 

«Ауқымды Солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек республиканың оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында, 31 тамыз - 1 қыркүйекте солтүстікте, Батыс Қазақстан облысының батысында, 1 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр күтіледі, найзағай ойнайды, жел күшейеді. 

Ауа температурасы одан әрі көтерілуі ықтимал, күндіз термометр бағаны еліміздің басым бөлігінде 25-35, батыста және оңтүстікте 30-38 градусқа жетеді», - делінген синоптиктер хабарламасында.

Сондай-ақ...